Глаукоманы микроимпульсті лазермен емдеу
MicroPulse TSCPC көзішілік қысымды тіліксіз төмендетеді. Дәрігер — Жәңгірхан Ерасыл Өтегенұлы.
210 000 ₸
Глаукома дегеніміз не
Көру жүйкесі біртіндеп зақымданатын созылмалы ауру. Көбіне жоғары көзішілік қысыммен байланысты, бірақ қалыпты қысымда да болады. Бастапқыда белгісіз өтуі мүмкін. Зақымданған жүйкені толық қалпына келтіру мүмкін емес, сондықтан мақсат — қалған көруді сақтау.
- • Көру аймағы біртіндеп тарылады
- • Шеткі көру төмендейді
- • Көру бұлыңғырланады, жарық айналасында түрлі-түсті шеңберлер пайда болады
Микроимпульсті ем
Лазер қысқа микроимпульстермен цилиарлық денеге әсер етеді. Тілік пен тігіс керек емес. Қысымды төмендетуге көмектеседі. Глаукомадан толық айықтырмайды және жоғалған көруді қайтармайды.
- • Тілік пен тігіссіз, көздің сыртқы беті арқылы
- • Көрші тіндерге жылулық әсер шектеулі
- • Кейбір пациентте тамшы саны азаюы мүмкін, бұл кепілденбейді
- • Көрсеткіш болса, емді қайталауға болады
- • Әдіс глаукома түріне, сатысына, жүйке жағдайына және пациентке байланысты
Әдіс пен құнды дәрігер тексеруден кейін айтады. Жазылу — Ақтаудағы клиниканың WhatsApp-ы арқылы.
WhatsApp-қа жазылу